Құқық қорғау органдары

“Борышкер” жедел профилактикалық іс-шарасы өтті

– В начале года на меня был наложен штраф. Сегодня сотрудники полиции остановили за неоплаченный штраф. Я обязуюсь в ближайшее время оплатить

Тәртіп сақшылары көлік жүргізушісіне қарызды қайтаруды ескертті. Нәтижесінде петропавлдық сол күні берешегін өтеп, көлігін айып тұрағынан алып кетті.

АРТЕМ ОДИНЕЦ – Петропавл қалалық ІІБ әкімшілік полиция бөлімі бастығының орынбасары:

 


–  Әкімшілік айыппұл салынған жандарға, қарыздарын қайтару керектігі ескертіледі. Мұны заң бұзушыларға қоңырау шалып хабарлаймыз. Егер де қарыз 20 АЕК асса, сот орындаушыларының қаулысы бойынша олардың машиналары айып тұрағына қойылады. Көлік айыппұл төленген соң ғана қайтарылады.

Заң бұзушылар айыппұлды 40 тәулік ішінде төлеуі тиісті. Жалпы, ақпанның 20-сі мен 22-сі аралығында өткен “Борышкер” жедел алдын-алу шарасының қорытындысы бойынша ортақ тәртіпке көнбегегендер мемлекетке 3 млн теңге аударып, қарыздарынан құтылған.

Байболат  Култанов