Мәдениет

Петропавлда Руслан Файзулиннің фотосуреттер көрмесі өтті

Бүгінгі көрмесіне негізінен нәзік жандылардың бейнесі негіз болған. Мысалы, мына суретте бақытты ананың балаларымен уақыт өткізген сәті түсіп қалған. Ал келесі біреулерінде әйел адамдардың көңіл күйін көре ала аламыз.

Руслан Файзулин – фотосуретші:


– Фотосуретпен 2000 жылдардан бастап әуестене бастадым. Сол жылдары үлбір таспаға түсіретін құрылғы алып, осы іске машықтандым. Ал, соңғы 2-3 жылда кәсіби тұрғыда пісіп жетілдім десе де болады. Бір рет халықаралық көрмеде жүлделі орыннан көріне алдым. Сондай-ақ, өңіріміздің 80 жылдығына орай шығарылған фотосуреттер топтамасына менің де туындыларым енді.

Бүгінгі көрмеге келген теріскейліктер Руслан Файзулиннің туындыларына оң бағасын берді.

– Маған мұндағы суреттердің барлығы ұнады. Сапасы өте жоғары. Әр туынды ерекше ой қалыптастырады”.
ауд: “Мен өзім суретші болғандықтан, фотоларға да қызығушылық танытамын. Мұндағы туындылар асқан шеберлікпен түсірілген деп есептеймін.

Жалпы Руслан Файзулиннің “Прекрасное рядом” атты фотосуреттер көрмесі наурыз айынның соңына дейін жалғаспақ.

 

Молдир Макишева