Бизнес және экономика

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы онлайн-конференция өткізді

Жиын барысында бас банктің төрағасы өзіне қойылған 300-ден астам сұраққа жауап берді. Олардың бір бөлігін қазақстандықтар еліміздің қаражат нарығын реттейтін органның сайты мен “Facebook” элеуметтік желісі арқылы жолдапты. Сауалдардың дені теңге бағамының АҚШ долларына шаққандағы өзгеруі, валюта айырбастау орындарының техникалық жағдайларына қатысты болды.

Бұл сұрақтарға төраға нақты жауап қайтарды. Бұдан бөлек, тікелей қосылым кезінде журналистер де өздерін қызықтарған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Ал, арнайы ұйымдастырылған шара соңында Данияр Ақышев өткен жылы атқарылған іске тоқталды. Оның сөзінше халықтың банк саласына деген сенімі артқан. Былтыр отандастарымыздың қаржы институттарына салған салымы 17 трлн-ды құраса, несие алымы 12 трлн теңгеге жеткен. Бұл тұрғыда теріскейде де біраз шаруа атқарылыпты.

Мираш Жұмашев – «ҚР Ұлттық банкі» РММ СҚФ директоры:

– Былтырғыға қарағанда банктерге сенім артып, депозиттер салымы 30 млрд-қа артты. Ал, несие алу 12 млрд теңгеге көбейіп отыр. Ішкі өнімдеріміз жақсы. Жалпы, халықтың банк қызметіне деген өкпесі жоқ. Жұмыс жалғасып жатыр.

 

Култанов Байболат