Қоғам

ПҚЭК студенттері “Еңбек даңқы” орденінің иегерімен кездесті

Көп жылғы мінсіз еңбегі үшін аталмыш мемлекеттік награданы қарапайым құрылысшы 2017 жылдың 25-ші желтоқсанында облыс әкімінің қолынан алған болатын. Еңбек жолын қарапайым комбайншыдан бастаған азамат осымен 15 жыл қатарынан “Основание” серіктестігі тұрғызатын зәулім үйлердің тіреуіштерін қағып келеді. Отырыс барысында Виктор Царик болашақ құрылысшылармен өзінің өмірлік және кәсіби тәжірибесімен бөлісті. Дұрыс орнатылған тіреуіш болашақ ғимараттың беріктігін әрі түзулігін қамтамасыз етеді дейді ол. Колледж студенттері өз ісінің шеберіне болашақ мамандықтарына байланысты сұрақтарын қойып, оларға тұшымды жауаптар алды.

Виктор Царик – “Основание” ЖШС құрылысшысы, “Еңбек даңқы” орденінің иегері:

– 1997 жылы Боголюбово училищесін тәмамдадым. Тірек қағушыға дейін құрылыс саласында біраз жыл еңбек еттім, міндетімді абыройлы атқаруға тырыстым. Соны ескерген болар, мені аталмыш орденге лайықты деп тапты. Еңбегімнің еленгеніне қуаныштымын.

Саят Ермек