Ауыл шаруашылығы

Мемлекет қолдауының арқасында мал басы артуда

Ержан Қарабеков – «Қарабеков» ЖК жетекшісі, Шал ақын ауданы:

– Биыл жұмысшыларға үй салдық. Ангар, жазда сиырлар тұратын жер салдық. Келесі жылға базды тағы 30 метрге құзартамыз. Жайылымдық жерлер жалға алынған. Бізге әкімдік 150 гектар егістік және шабындық жер береміз деп отыр. Қазір құжаттарды тапсырып қойдық.

Сиырлардың алғашқы легі төл бере бастаған. Бұзаулар үнемі бақылауды қажет етеді дейді мұнда жұмыс істейтін Иван Савельев.

Иван Савельев – «Қарабеков» ЖК қызметкері, Шал ақын ауданы:

– Мен таңатпай қораға кіріп, сауыншы келгенше малдың қиын тазартып, жиыстырып қоямын. Жалпы тазалыққа жауап беремін. Су, жем-шөп беремін. Сиырлар төлдеп жатыр. Буаздары да бар. Сондықтан үнемі тексеріп отырамын. Мен жақын маңдағы ауылдардың бірінде тұрғанмын. Содан маған осы жерден үй тұрғызып берді. Жағдайым жаман емес. Жалақысы жақсы.

Төлдеген сиырлар күніне 200-250 литр сүт береді. Оны кәсіпкер «Маслодел» серіктестігіне тапсырады екен. Келешекте мал басын арттыру да ойда бар. 40 жылға жуық уақыт ауыл шаруашылығы саласында еңбек еткен Ержан Қарабеков өзі де қол қусырып отырмайды. Қарамағындағыларға көмек қолын созып, үнемі қолдау көрсетеді.

 

Магжан Ахмадина