Аптадағы маңызды жаңалықтар

Мамлют ауданында көктемгі дала жұмыстарына даярлық басталып кетті

– Әзірленген техниканың қуаттылығы 350 аттың күшіне тең. Техниканың құрал-саймандарын мұндағылар Омбы қаласынан әкеліпті. Көп ұзамай бұл трактор арнайы техникалық байқаудан өтіп, егістік даласына шығарылады.

Тракторды құрастыру серіктестік үшін әлдеқайда тиімді. Өйткені, техниканы жинауға қыруар қаржы кетпейді. Мәселен, агроқұрылым басшылығы К-700-дің жабдықтарын 25 млн теңгеге сатып алыпты. Ал, егер сужаңа күйінде зауыттан алатын болса құны 35 млн-ға шығады екен. Жалпы серіктестік жұмысшылары көктемгі-дала жұмыстарына күзгі орақ науқаны аяқталғаннан кейін бірден кіріскен.

Батыржан Сауытбаев – “Мамбетов и К” КС бас аграномы, Мамлют ауданы:

– Күзгі егіс науқаны аяқталғаннан кейін, МТМ-ны ашып, осында жөндеу жұмыстарын өткізіп жатырмыз. 9 бірдей К-700 тракторы күрделі жөндеу жұмыстарынан өтті. Кабиналары мен мосттарын айырбастадық.

Жалпы, қазіргі таңда Мамлют ауданы бойынша 11 машина-трактор жөндейтін шеберхана жұмыс істейді. Ол жерде қалыпқа келтірілген 900 техника биылғы көктемгі дала жұмыстарына шықпақ. Қауырт маусымда жер емген диқандар 165 мың 500 гектар алқапқа дән себуді жоспарлап отыр.

Ринат Қазынтаев – Мамлют ауданы ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары:

– 101 мың 300 гектарға егіледі. Ал, 47 мың 600 гектарға майлы дақылдар себілмек. Биыл біздің ауданда майлы дәнді дақылдардың аумағы 3 мың 300 гектарға ұлғайтылғалы отыр.

Сондай-ақ, Мамлют ауданында жоғары сапалы тұқым қорын әзірлеуге де ерекше көңіл бөлінген. Қазіргі таңда ауданда 18,4 мың тонна дән бар. Оның 17,3 мың тоннасы – дәнді және бұршақты дақылдар болса, қалғаны – майлы дақылдар.
Бұдан бөлек, 136 мың тонна таңдаулы тұқымды сатып алу көзделіп отыр. Сондай-ақ, көктемгі-дала жұмыстарына дайындалу барысында жанар-жағармаймен қаму мәселесі де назардан тыс қалмайды.

Ринат Қазынтаев – Мамлют ауданы ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары:

– Биылғы көктемгі-дала жұмыстарына жоспар бойынша 2 мың 940 тонна жанар-жағармай қажет. Қазіргі таңда агроқұрылымдар тек 676 тонна дизельдік отынмен қамтылып отыр. Бұл барлық ауқымның 23%-ын ғана құрайды. Алдағы уақытта бұл бағытта тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

Биыл Мамлют ауданының шаруалары сапалы әрі мол өнім жинау үшін жердің құнарлылығын арттырмақ. Ол үшін жерлестеріміз 5 мың 500 тонна минералды тыңайтқыш сатып алуды жоспарлап отыр.

Молдир Макишева