Құқық қорғау органдары

Жыл басынан теріскейде есірткіге қатысты 50 қылмыс тіркелген

Нашақорлықтың алдын алу мақсатында тәртіп сақшылары теріскейдегі білім беру мекемелерінде онлайн-сабақтар өткізуде. Оған 3 мыңға жуық оқушы және колледж студенттері қатысқан. Жиын барысында балаларға есірткінің адам өміріне тигізетін орасан зияны туралы ақпарат беріліп, арнайы фильм көрсетілді.

Светлана Алексеева – Петропавл қалалық ІІБ есіркі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің аға жедел уәкілі:

– Есірткіні пайдалануға болмайды. Оны сақтағандар, сатқандар жауапқа тартылады. Біз оқушыларға осы жайында біраз ақпарат бердік. Сондай-ақ, нашақорлықтың зияны жайлы да әңгімеледік.

 

Тогжан Акмагамбетовна