Спорт

Жерлесіміз Алексей Луценко “Оман Турының” көпкүндігінде жеңімпаз атанды

Жарыс барлығы 6 кезеңнен тұрды. Оның жалпы ұзындығы 914 шақырымды құрайды. Осы кезеңдерді бағындыруда Алексей Луценко 3 мәрте жеңімпаздар қатарынан көрінген. Оның қанжығасында 2 үшінші орын, 1 екінші және бас топтамадағы жүлде бар. Қазіргі уақытта, солтүстікқазақстандық велоспортшы Бельгия мен Италияда өтетін біркүндік жарысқа дайындығын бастап кетті.

 

Молдир Макишева