Әр түрлі

Қазақстандықтар наурыз айында 13 күн демалады

Алғашқы ұзақ уик-енд 8-ші наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орайластырылған. Атаулы мерекеден бастап отандастарымыз наурыздың 12-іне дейін тынығады. Дегенмен, 9-ы демалу үшін, қазақстандықтарға 3-ші наурыз – сенбі күні жұмыс істеуге тура келеді. Бұдан соң, шамамен бір апталық демалыс көктемнің алғашқы айының 21-і мен 25-і аралығына сәйкес келеді. Яғни, әз-Наурызды ағайынның 5 күн бойы атап өтулеріне мүмкіндік бар. Бұдан бөлек, тағы сенбі, жексенбіге сәйкес келетін 4, 17, 18 және 31 наурыз күнгі демалыстар бар.

 

Култанов Байболат