Құқық қорғау органдары

Қарызы барлар құрыққа ілікті

Самостоятельно явитесь к судебному исполнителю по вопросу оплаты алиментов. Региональная палата частных судебных исполнителей находится по адресу: Мира, 122, кабинет 303.

Жалпы, өңірімізде алимент төлемеушілер мен борышкерлерді іздестіру акциясы 3 күнге жалғасты. Осы уақыт ішінде іздеуде жүрген 18 адамның тұрып жатқан жері анықталыпты. Олардың тең жартысы Петропавлдан табылған. Айта кетейік, туған ұл-қыздарына тиесілі қаражат аудармағандарды іздеу шарасы теріскейде тоқсан сайын өткізіледі.

Гүлнәр Қуандықова – Петропавл қ. ІІБ көші-қон қызметі бөлімінің бастығы:

– Акция барысында іздеудегі азаматтар болуы мүмкін деген 59 мекенжай тексерілді. Нәтижесінде 9 адамды таптық. Олардың бәрі іздеуде жүр. 4-еуі борышкер, 3 тұлға алимент төлейден жалтарған. Және 2 адам туыстарымен байланысын жоғалтыпты.

Айта кетейік, өткен жылы қалалық ІІБ көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері іздеуде жүрген 197 адамның 118-і анықтаған. Олардың 77-сі борышкерлер мен 17-сі алимент төлемей жүргендер.

Култанов Байболат