МТРА жаңалықтары

“Нұр Отан” партиясының өкілдері жұмыс жоспарымен бөлісті

Артур Молдағұлов – “Нұр Отан” партиясы СҚОФ төрағасының бірінші орынбасары:

– Біз жаңа жұмыс форматын іздеп тауып, сол бойынша еңбек ету керекпіз. Әсіресе, әлеуметтік желілерде белсенді болған жөн. Алдағы уақытта партиялық жобалардың барлығына сараптама жасалады. Бағдарламалардың маңыздылығын назарға аламыз. Біз сандық жүйені енгізу жұмыстарына да қарқын қосуға міндеттіміз.)

Нәтижелі жұмыс істеу ішін партия құрамында кездейсоқ адам болмауы керек. Ұжым кілең өмірлік ұстанымы белсенді жандардан құралғаны абзал. Сонда төккен тер өз жемісін бермек. Жиын барысында қатысушылар Елбасының Жолдауын талқылады.
Мемлекет басшысы маңызды құжатта зауыттар мен кәсіпорындардың жұмысына ерекше мән берді. Президент тапсырмасына сай өңіріміздегі ПАМЖЗ-да ауқымды іс тындырылмақ.

Вадим Шакшакбаев – “ПАМЖЗ” АҚ бас директоры:

– Зауытта технологиялық жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Өндіріс ошағы жаңа технологиялық деңгейге көтерілуі тиіс. Сонда өзге әріптестерімізбен лайықты бәсекеге түсе аламыз.

Сондай-ақ, жиын соңында Вадим Шакшакбаевтің кандидатурасы “Нұр Отан” партиясының атынан облыстық мәслихат депутаттығына ұсынылды. Және саяси кеңес мүшелері де өзгерді. Ұйымның қатарына Елен Балло мен Мұса Танақұловтың орнына Светлана Назарюк пен Абылайхан Қайроллаев енді.

Култанов Байболат