МТРА жаңалықтары

Петропавлда құрамында сынабы бар шамдар мен химиялық қуат көздеріне арналған контейнерлер орнатылуда

Осылайша, қоршаған ортаға кері әсерін тигізеді. Мамандардың айтуына қарағанда, қолданысқан шығып қалған қауіпті химиялық қуат көздері залалсыздандыруға жіберілуі тиіс. Бұндай заттарды жиып, қайта өңдеу ісі көптеген әлем елдерінде оң жолға қойылған. Бізде де қолға алынуда. Мәселен, бүгін Петропавлдағы “Тайга” сауда үйінің жанында осындай тұрмыстық қалдықтарды тастауға әмбебап қызғылт сары түсті жәшіктер орнатылды. Енді жергілікті тұрғындар жаңағы аталған заттарды осы заманауи жәшіктерге салулары қажет.

Юрий Филиппов – қала тұрғыны:

– Мұндай жәшіктердің болғаны дұрыс. Өйткені, әр жерде кішкентай батарейкалар мен аккумуляторлар шашылып жатады. Олардан түрлі зиянды химиялық қоспалар бөлініп қоршаған ортаға кері әсерін тигізеді.

Элла Гордиенко – қала тұрғыны:

– Бұл әмбебап контейнерлерді орнатып жатқаны жақсы болды. Енді сынабы бар шамдар басқа қалдықтармен араласпайтын болды. Оларды жинап алып, қайта өңдеуден өткізеді деп ойлаймын.

Мұндағы қоқыс қалдықтарын павлодарлық «Электро Транс Реелто» ЖШС-нің мамандары жинап алып, өздерінде қайтадан өңдеуден өткізбек. Серіктестік алдағы уақытта біздің қаламызда да арнайы зауыт салуды ойластыруда.

Владимир Колесников – «Электро Транс Реелто» ЖШС директоры:

– Біз әмбебап контейнерлерді ең алғаш рет Астана қаласында орнатқан болатынбыз. Елордада оның 600 данасы болса, еліміз бойынша 2 мыңды құрап отыр. Мәселен, әрбір жәшіктен айына кем дегенде шағын люминесцентті шамдардың 400-і жиналады.

Жалпы өңірімізге құрамында сынабы бар шамдар мен химиялық қуат көздеріне арналған әмбебап контейнерлердің 79 данасы әкелініпті. Олардың 30-ы біздің шаһарымызда орнатылады. Қызғылт сары түсті жәшіктер қаламыздың ірі сауда орталықтарының жанынан орын теппек.

 

Тогжан Акмагамбетова