Аптадағы маңызды жаңалықтар

Петропавлда қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті

Облыстық білім саласындағы бақылау департаментінің бөлім басшысы Татьяна Гапчичтің сөзінше, өңірде қамқоршылық кеңестерінің санын көбейтпестен бұрын оның сапасына баса назар аударған жөн. Өйткені, тексеріс жүргізген уақытта бірқатар білім ұясында мұндай ұйымдар тек қағаз жүзінде ғана жұмыс істеп келген көрінеді. Кейбір мектеп мұғалімдері мен ата-аналар қамқоршылық кеңесінің бар екенінен де бейхабар болған.

Татьяна Гапчич – СҚО білім саласындағы бақылау департаментінің бөлім басшысы:

– Енді мектеп әкімшіліктері мен білім саласының қызметкерлері қамқоршылық кеңесті жасақтаған сәтте 2 жағдайға баса назар аударулары керек. Яғни, ұйымның құрамын дұрыс сайлап, олардың атқарып жатқан жұмыстарын жіті қадағалауы тиіс. Осы орайда биылғы жылы республикамыздағы 80 мектепте пилоттық жоба қолға алынуда. Соған сәйкес, енді облысымыздағы 5 білім ошағы біздің департаментпен тығыз жұмыс жасайды. Мамандарымыз оларға қамқоршылық кеңестерін құруда қолдау көрсетіп, атқарған істерін бақылап отырады.

Бүгіндері қаладағы білім ұяларының 21-інде қамқоршылық кеңесі бар. №17-шi ұлттық өркендеу мектеп-кешені жанындағы ұйым осы жылдың қыркүйек айында құрылыпты.

Ләззат Жолмұқанова – №17-шi ұлттық өркендеу мектеп-кешенінің директоры:

– Біздің қорғаншылық кеңесіне 17 адам кіреді. 04-58* Мектепте 1200-ден артық бала бар. Сондықтан, ұйымға әжептәуір кісі кіруі тиісті. Осындай кеңес құрылғаны өте жақсы. Себебі, ата-аналарда мектепке жақын қарап, біздің жағдайларымызды түсініп, ертең бізбен бірге алдымызға қойған мақсаттарды бірге шешеді деп ойлаймын.

Жалпы, былтырғы жылдың 1-ші қарашасына дейін теріскей аумағында 331 қамқоршылық кеңесі құрылыпты. Ал, 3 айдан соң оның саны 50-ге артып, 381-ге жеткен. Аталған ұйымдар Ғ.Мүсірепов ауданындағы барлық білім ұяларын қамтыса, Қызылжар аудында тек біреуінде ғана жұмыс жасауда.

 

Тогжан Акмагамбетова