Құқық қорғау органдары

СҚО-да жол-көлік апатынан 4 адам қаза тапты

Қайғылы оқиға Булаево-Қоскөл тас жолында болған.
Тапа тал түсте аталған трассада “ВАЗ” және “Фольксваген” көліктері бетпе-бет соқтығысып қалған. Алғашқы машинада отырған жүргізуші мен жолаушы сол жерде қаза тапты. Ал, келесі темір тұлпарда 4 тұрғын болған. Көлік тізгінін ұстаған адам дәрігерлер келгенше көз жұмды. Қалған 2 әйел мен 1 айлық баланы ақ халаттылар ауруханаға алып кетіпті. Алайда, мамандар сәбиді аман алып қала алмады. Қазіргі таңда қос нәзікжандының бірі ауыр халде жатыр. Екінші азаматша психологиялық шокты бастан кешіруде. СҚО ІІД-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша аталған фактіге қатысты сараптама жұмыстары жасалып, тергеу жүргізілуде.