Без категории

Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына биыл – 29 жыл

Ауған жеріндегі интернационалдық борыштарын өтеуге 1979-89 жылдары 22 мың қазақстандық сарбаз аттанып, олардың 761-і қаза тапқан. Хабарсыз кеткендердің саны – 21. Ауған соғысына теріскей жерінен 1500 жауынгер қатысып, оның 50-ге жуығы ұрыста мерт болған.
29 жыл бұрын туған жерге аман-есен оралған солтүстікқазақстандық майдангерлердің қазіргі таңда 700-нің көзі тірі. Олардың бірқатары бүгін қолдарына қызыл қалампыр ұстап Ауған соғысының құрбандарына арналған ескерткіш басына жиылды. Соғыста оққа ұшқан жандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. ҚР ҰҰ Әскери институтының бастығы Серікхан Әбселемов әскери борышын Ауғанстанның Асадабад қаласында өтепті. Взвод командирі қызметін атқарған. Оның қарамағында болған 17 солдаттың барлығы елге аман-есен оралған.

Серікхан Әбселемов – ҚР ҰҰ Әскери институтының бастығы:


– Мен 1988 жылы елге қайтып келдім. Содан әскери қызметімді әрі қарай жалғастырдым. Балтық жағалауында жұмыс жасадым. Кейін Германиядағы академияға оқуға түстім. Оны тәмамдап, түрлі қалаларда еңбек еттім.

Тоғжан Ақмағамбетова