Спорт

Петропавлдық жастар конькимен жүгіруші Роман Кречке қолдау көрсетті

Ирина Тухватулина — СҚО жастар саясаты мәселелерi жөнiндегi басқармасының басшысы:

– Бүгінгі спорттық шараға барлық колледждердің студенттері қатысуда. Акция барысында олар жергілікті хоккейшілермен бірге түрлі сайыстарда бақтарын сынайды. Біз бұл бастамамызбен жерлесіміз Роман Кречке қолдау білдіргіміз келеді. Сонымен қатар, осындай шара арқылы жастарды спортқа тарту ойда бар.

Мұз айдында сырғанаған жастар хоккейшілермен естелік суретке түсу мүмкіндігіне ие болды. Одан бөлек, имек таяқ шеберлері ұл-қыздарға жеке қолтаңбаларын берді. Шараға қатысушы әрбір жерлесіміз солтүстікқазақстандық конькимен жүгіруші Роман Кречтің бірінші орын алуына тілектес.

Ақмаржан Қалиева – Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің студенті:

 

– Біздің колледжден 4 студент келіп отыр. Бәріміз Романның алтын медаль алғанын қалаймыз. Ол жеңіске жетіп, ел мерейін асырсын.

Акция соңында жастар Роман Кречке өздерінің тілектерін видео арқылы жолдады.

Култанов Байболат