Құқық қорғау органдары

Нашақорлықтың зардабы жастарға түсіндірілуде

Осындай жиындардың бірі М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледждің 1-ші және 2-ші курс студенттерінің қатысуымен өтті. Онда полицейлер жастарға әлемде әр ай сайын есірткінің жаңа түрлері пайда болатындығын айтты. Олар түрлі заттардан жасалатын көрінеді. Сондықтан, оны қолданатындар азапты өлімге душар болады екен.
Жалпы жыл басталғалы тәртіп сақшылары есірткі бизнесіне қарсы күрес заңнамасын бұзудың 46 фактісін анықтаған. Заңсыз айналымнан 50 келіден астам түрлі улы заттар тәркіленіпті. Соның 10 грамы – героин.

Мағжан Ахмадина