Денсаулық сақтау

Петропавлда Санкт-Петербург дәрігерлері қабылдау жүргізеді

Қала тұрғыны Күлән Әбілованың арқа сүйегі күнде сырқырайды. 80-дегі кейуана остеохондроздың тауқыметін осымен екінші жыл көріп жүр. Шаһарға Санкт-Петербургтық ақ халаттылардың бас сұққанын естіген әжей, дертіне шипа іздеп, дәрігер қабылдауына келген.

Күлән Әбілова – Петропавл қаласының тұрғыны:


– Ауруханаға барамын, дәрі жазып береді. Ол тек 1-2 сағат көмектеседі, сосын қайтадан ауырады. Теледидардан жарнамасын көріп, қабылдауға жазылуға келдім.

Күлән әжей қабылдауға жаңадан жазылып жатса, дәл осы остехондрозды 20 жыл жеңе алмай жүрген Владимир Короховтың жағдайын Ресейлік дәрігер қарап жатыр. Азаматтың арқасы, мойыны мен басы сыздайды. Бір қолы болса, толығымен жансызданып қалған. Дертіне дауа таба алмаған Владимирдің соңғы үміті ресейлік мамандарда.

Владимир Корохов, Петропавл қаласының тұрғыны:

– Үмітсіз шайтан дейді ғой. Менің жағдайымды осылай түсіндіруге болады. Теледидардан жарнамасын көріп, үмітім қайта оянды. Қабылдау жақсы өтті, көмек берсе игі болар еді.

Остеохондроздан бөлек, азаматтар арасында арқа мен бас аурулары, қан қысымының тұрақсыздығы кең таралған. Мұның басты себебі – мойын омыртқасының, яғни атлант-желке буынының жылжуы дейді мамандар. Атлант бас пен омыртқаны біріктіріп тұрады. Оның жылжып кетуіне көп жағдайларда жол апаттары, спорттық не өндірістік жарақаттар, әсіресе бала туу кезіндегі шақалаққа келтірілген зақым себеп. Бұл дерттерді емдеу әдісін Швейцария ғалымдары ойлап тауыпты. Ал оны Ресейлік “Атлант” медициналық орталығының дәрігерлері тиімді жүзеге асырып жүр.

Владимир Вочановский – “Атлант” медициналық орталығының дәрігер-реабилитологы, Санкт-Петербург қаласы, РФ:

– Швейцариялық арнайы құрылғының көмегімен пациенттерді созылмалы ауралардан толғымымен арылту мүмкіндігі бар. Маңыздысы, бұл үшін дәрі-дәрімекті мүлде пайдаланбаймыз. Ал емдеу үрдісі қауіпсіз, омыртқаға еш ауыртпалық түсірмейді. Алдымен диагноз қою үшін пациентті қабылдауға шақырамыз, кейін емдеу курсын жасаймыз.

Ем-дом шараларының сапасына күмән келтірмесеңіз болады. Орталық мамандары швейцариялық әдісті меңгеру үшін арнайы курстарды тәмамдаған. Санкт-Петербург дәрігерлері Петропавлда ақпанның 16-сынан 20-сына дейін жұмыс істейді. Орталық мамандары Жұмабаев көшесі 109 мекен-жайының 7-ші қабатында қабылдау жүргізеді. Дертіңізге дауа іздеп жүрсеңіз 8-715-263-2172 нөмірі бойынша жазылуға болады.

Саят Ермек