МТРА жаңалықтары

Айыртау ауданы әкімінің лауазымына Бейбіт Исманов тағайындалды

Бейбіт Исманов еңбек жолын 1988 жылы қатардағы жұмысшыдан бастаған. 2002 жылдан, Петропавл қаласы әкімінің көмекшісі, аппарат жетекшісі қызметтерін атқарған. Кейін жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары, соңғы 6 жыл көлемінде ведомство басшысы лауазымында еңбек етті. Ал Айыртау ауданының бұрынғы әкімі Ағзам Тастеміров ендігі кезекте агроөнеркәсіп кешеніндегі аумақтық инспекциясына жетекшілік етпек. Бұл материалмен сейсенбі 15-00-де шығатын жаңалықтар топтамасында толығырақ таныса аласыздар.

Эльмира Садвокасова