МТРА жаңалықтары

Вип-нөмірлерге әуес жүргізушілер мемлекеттік бюджетке 3 млн теңге табыс түсірген

Мәселен, 001 ден 009-ға дейін және 777 нөмірлері үшін қалтадан 228 айлық есептік көрсеткіш, яғни жарты миллон теңгеден астам қаржыны шығару керек. Жүздік және үш бірдей цифрден тұратын нөмірлердің құны – 330 мың теңгені құрайды. Ал егер темір тұлпар иесі қосымша бірдей әріптері бар сандық белгілерді таңдайтын болса, мемлекеттік баж екі есе көбейеді. Десе де, бұл өзгерістер темір тұлпар иелеріне кедергі болмаған.

Сергей Гизбрехт – СҚО ІІД тіркеу-емтихан алу бөлімінің бастығы:

– Өңірімізде 015, 515 нөмірлері жоғары сұранысқа ие. Мәселен, 015 ВВВ 15 түріндегі нөмірге тапсырыс беруге болады. Оның құны – 137 мың 085 теңге. Бірақ, 015 нөмірін азаматтың аты-жөні азылған инициалдармен алуға болмайды.

Азаматтарға қалаған нөмірлері берілмейтін басқа жағдайлар да бар. Мәселен, оларға басқа азаматтар иелік етуі мүмкін. Немесе, қолдануға шектеу қойылғаны бар.

Сергей Гизбрехт – СҚО ІІД тіркеу-емтихан алу бөлімінің бастығы:

– Елімізде VOR, USA, KNB әріптері және тағы осыған ұқсас сөздерге тыйым салынған, ондай әріптер сатылмайды және тапсырыс бере алмайысыз.

Жыл басынан облыс бойынша вип-нөмірлерге әуес жүргізушілер мемлекеттік бюджетке 3 миллион теңге табыс түсіріпті.

Молдир Макишева