Қоғам

“Туған елімді жырлаймын” библиомарафоны Петропавлдан бастау алды

Олардың кейінгі ұрпаққа қалдырған мұрасымен балабақша, мектеп пен ЖОО-ның қабырғасындағы жас өрендер сусындап өсуде. Ал, мына әдебиетсүйер қауым олардың шығармаларын жатқа біледі. Сахнада тек поэзия мен проза ғана емес, серілеріміз бен жырауларымыздың әндері де шырқалуда.

Қожабергеннің Елім-айы сонау жаугершілік замандағы қазақ халқының жай-күйін сипаттап берген ән. Ол бүгін де қалың көпшілікті тебірентпей қоймады. Ал, 8-ші сынып оқушысы Коля Құрметбек шараға Игібай Әлібаевтың “Туған жерім-қымбаттым, айтуарым” туындысын дайындап әкеліпті. Жас әнші бұл шығарманы тектен-тек таңдамадым дейді.

Коля Құрметбек – музыкалық-эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат кешенінің оқушысы:

– Бұл, біріншіден, адамға даналық, тәрбиелік мән беретін ән деп ойлаймын. Ақын өлеңде туған жерге деген махаббатын жеткізген. 0-41 Біз шарада ақындарымыздың өлеңдерін тыңдап, рухани байи аламыз.

Бұл библиошараны теріскейлік кітапхана алғаш болып ұйымдастыруда. Мамандардың бастамасын еліміздің түкпір-түкпіріндегі әріптестері бірауыздан қолдапты.

Күлизат Шахатова – Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасының қызметкері

 

– Библиомарафонның мақсаты – жерлес жазушылардың шығармашылығын таныту. Марафонды Шығыс Қазақстан облысының кітапханасына табыстамақпыз.

Шара әр облыста жалғасын таппақ. Библиомарафон барлық қалаларды аралап, қыркүйек айында тамамдалады.

Эльмира Садвокасова