Қоғам

Наурыздың 10-нан ҚР азаматтары Біріккен Араб Әмірліктеріне визасыз қатынай алады

Осылайша аталған елге 30 күнге дейін визасыз кіруге рұқсат етіліп отыр. Жеңілдетілген режим наурыздың 10-нан іске қосылады. Оған дейін қазақстандықтар таяу шығыстағы мемлекетке кіруге ресми рұқсат алу үшін 120 АҚШ долларын төлеуі қажет.
Естен кетпес саяхат жасауды жоспарлап жүрген болсаңыз наурыз айының екінші онкүндігінен бастап демалыс күндеріңізді белгілей беруге болады. Өйткені ел халқы Әз-наурыз мейрамында 5 күн демалмақшы.

Берік Қасен