Спорт

Кикбоксингтен Солтүстік Қазақстан кубогі үшін турнир өтуде

Амангелді Кәкенов – жарысқа қатысушы:

– Бүгінгі қарсыласым осал емес. Бірақ, менің бағым жанып, одан басым түстім. Бапкеріме алғысымды білдіремін.

Жарыста жас ерекшелігі бойынша 2002-2003 жылғы жеткіншектер мен одан жоғары жастағы ересектер қолғап түйістіруде. Бап пен бақ қатар жүретін жерде тек өз күшіңе ғана сенуге болады.
Тартысты додаға өңір спортшылары мен еліміздің 8 аймағынан жиылған жас жігіттер қатысуда. Барлығы – 140 кикбоксшы.

Қайрат Елубаев – “Қаһарман ұрпақ” қоғамдық қорының президенті, Астана қаласы:

– Бұл іс-шара барлығымыз үшін өте маңызды. Ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз. Біз әрдайым жастарымызды қолдауға дайынбыз.

Жарыс соңында жеңімпаздар кубок, медаль, грамоталармен марапаталады.

Ешкенова Дана