Қоғам

Өңірде апаттық жағдайдағы 18 тұрғын үй бар

Наталья Никитенко – қала тұрғыны:

– Күнде төбе құлап түседі деп қорқамыз. Себебі, көктем келісімен, барлығы ери бастайды. Сонда, шатырдан су ағып, төбе де суланады.

Қалалық әкімдіктегілер мәселемен жақсы таныс. Көп ұзамай жатақханада жөндеу жұмыстары жүргізілмекші.

Дәулет Қалиасқаров – Петропавл қаласы тұрғын үй инспекциясының жетекшісі:

– Жатақхананың тұрғындары қол жинап, “ТКШ Жаңғыру” бағдарламасына қатысуға ниет білдірді. Енді жақын арада “Мирас Груп” компаниясы жөндеу жұмастары бастайды.

Ал бұл Ахременко көшесі бойында орналасқан 2-ші үй. Мұндағы 5-ші қабатта орналасқан баспанадағы жылу мөлшері стандарттан төмен. Салдарынан 40-шы пәтердің иесі Николай Чечко жылы киімдерін киіп, қымтанып ұйықтайды екен. Үйдің суық болғаны соншалық, жұбайы 4 айлық және 6 жасар балаларын алып, туған-туыстарын паналауға мәжбүр болып отыр. Бұл жағдайға – 36-шы пәтердің тұрғыны кінәлі. Ол өзіне пластикалық құбыр өткізгенде диаметрін кішірейткен. Осының салдарынан 5-ші қабаттағы 40-шы үйге дейін тиісінше жылу жетпейді.

Николай Чечко – қала тұрғыны:

– Өткен жылы да пәтердің іші салқын болатын. Ал биыл тіпті суып кетті. Тиісті жерлерге шағымдандық. Бұл мәселе әлі де өз шешімін тапқан жоқ.

Айтылған ескертулерге қарамастан, 36-шы пәтердің иесі көршілерімен бір шешімге келуден бас тартып отыр. Сондықтан, бұл істің тек соттың көмегімен ғана шешілетін түрі бар.

Дәулет Калиаскаров – Петропавл қаласы тұрғын үй инспекциясының жетекшісі:

– Бізге келіп түскен, шағым бойынша Ахременко көшесі 2 мекен-жайы бойынша орналасқан үйді тексеріске алдық. 1-ші, 2-ші, 3-ші қабаттағы пәтерлердің температурасы 27 градус болса, 5-ші қабатта орналасқан 40-шы пәтерде 11 градусты көрсетті. Бұған 1 саты төмен тұратын 36-шы пәтердің тұрғыны кінәлі. Көршілері оның үстінен сотқа шағым түсіруге құқылы.

Ал Сәтпаев көшесі 42 мекен-жайы бойынша тұрып жатқан баспана иелері кез-келген мәселені өздері шешіп үйренген. Мұнда тұрғындар жыл сайын жөндеу жұмыстарын жүргізіп тұрады. Тіпті бейнебақылау камераларын да орнатыпты.

Галина Драчук – “Сатпаев, 42” ПИК өкілі:

– Жыл сайын қысқа дайындаламыз. Барлық тиісті жұмыстарды орындаймыз. Осы жылы жертөледе жылыту қондырғыларын ауыстырдық. Сонымен қатар, “ТКШ жаңғыру” бағдарламасы аясында да бірқатар жұмыстар атқарылды.

Жалпы қала бойынша апаттық жағдайдағы 18 тұрғын үй бар. Биыл оның 1-уі сырылатын болды.

 

Молдир Макишева