Konstitutsia banner mobile

Спорт

Теріскейлік каратэшілер Ресейде өткен спорттық жарыстан олжалы оралды

Аталған дүбірлі додада Солтүстік Қазақстан облысының намысын 45 спортшы қорғап қайтты. Каратешілердің тең жартысы өңірге олжалы оралды. Айта кетсек, облыс коржынында 11 алтын, 7 күміс және 4 қола медаль бар. Осылайша, жерлес каратэшілер жалпы командалық есепте 2 орынға табан тіреді. Теріскейлік спортшылар бұл жетістіктерімен тоқтап қалмаймыз дейді. Олар келесі аптада кекушинкай каратеден Павлодар қаласында өтетін республикалық турнирге аттанбақ.

 

Тогжан Акмагамбетова