Жас мамандарды қолдау елімізде нәтижелі түрде жүзеге асуда

Қоғам

15:48 5 Ақпан 2018

Дамир Есболов – Қызылжар аудандық мәдениет үйінің музыкалық жетекшісі:

– 2016 жылы көтермеақы берілді. 2017 жылы үй алу үшін 15 жылға несие берілді. Ең тиімді несиелердің бірі деп айтуға болады. Жалпы сомасы – 3 млн 400 мың тенге.

– Дипломмен ауылға бағдарламасы 2009 жылдан бастап жүзеге асуда. Жобаның басты мақсаты – ауылды жерлерге білім, медицина, агроөнеркәсіп сынды салалардың қызметкерлерін тарту. Мәселен, осы 8 жыл ішінде теріскейлік елді мекендерге жұмыс істеуге 3624 маман келіпті.

2017 жылы да аталған бағдарламаның шарапатын көргендер аз емес. Мәселен, 215 маманды баспанамен қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен 656,8 млн тенге қаражат қарастырылған. Ал, 325 қызметкерге болса, 158 мың 830 тг көлемінде көтермеақы төленген.

Жанар Ахмиева – СҚО экономика басқармасының бөлім басшысы:

– Дипломмен ауылға бағдарламасымен келген мамандарға бюджеттік несие 15 жылға 0,01 пайызбен беріледі. Оған қоса аудандық бюджеттен көтермеақы төленеді. Ол үшін азамат 3 жыл сол елді мекенде жұмыс істеуі қажет.

Ал, биылдан бастап көтермеақы мен үйді сатып алуға берілетін несие біршама артқан. Үстіміздегі жылы әр маманға 70 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 168 мың 350 тенге жәрдемақы төленеді. Оған қоса, баспаналы болу үшін 3 млн 607 мыңнан аспайтын кредит табысталады.

Эльмира Садвокасова

Бұдан әрі оқыңыз

Дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы таныстырылды
Қалаға кіреберісте Винокуровқа арналған композиция пайда болды
Мемлекеттің жобалардың түлектері жәрмеңке өткізді
Ақжар ауданының әкімі атқарылған істі баян етті
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар
Швеция Корольдігінің Қазақстандағы Елшісі Петропавлға келді
Өз ісінің үздіктері марапатталды
“Үздік техникалық жобалар” байқауының облыстық кезеңі өтті
«Халық заңгері» атты республикалық акция өтті
2020 жылдың 3-ші қазанынан кейін ескі банкноттарды айырбастау аяқталады
Елбасының еңбегі сараланды
“Адал ұрпақ” клубтарының белсенділері бас қосты