Қоғам

Іскер әйелдер Елбасы Жолдауына үн қосты

Бақытжан Сәмиева, СҚО Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы:

– “Клишина” деген жеке кәсіпкер кеше ғана өз жобасын “Смарт сити” бағдарламасына енгізіпті. Алдағы уақытта сол бойынша жұмыс істейтін болады.

Тағы, жиын қатысушылары Елбасы Жолдауының 7-ші бағытына үн қосты. Мұнда Президент білім мен денсаулық сақтау салаларына цифрлық жүйені енгізу керектігін айтқан болатын. Бұл міндет жерлесіміз Надежда Пирожковаға тікелей қатысты. Өйткені, нәзікжанды фармацевтикалық компанияны басқарып отыр. Биыл азаматша кәсіпорындағы қызмет түрлерін арттырмақшы.

Надежда Пирожкова, «Здравствуйте» ЖШС директоры:

– Қазір барлық сала даму үстінде. Солардың қатарында денсаулық сақтау да бар. Өзіміздің орталыққа заманауи технологияны енгіземіз. Осылша тұрғындарға сапалы қызмет көрсететін боламыз. Қазір бізде 7 лицензия бар. Тағы, 2-еуін алғымыз келеді.

Айта кетейік, қазіргі күні облыстық іскер әйелдер қауымдастығына 500 адам мүшелік етеді. Бұл жиыннан соң олар Жолдау жүктеген міндеттерді әріптестері мен өздері жетекшілік етіп отырған кәсіпорындағы қызметкерлерге жіті түсіндіретін болады.

 

Култанов Байболат