Құқық қорғау органдары

Тайота камриді тізгіндеген жүргізуші рөлге ие бола алмай, 5 бірдей көлікті соғып кетті

Нәтижесінде ол жол жиегінде тоқтап тұрған 5 бірдей көлікті соғып кетті. Келеңсіз жағдай Казахстанская правда 70 мекен-жайы бойынша орналасқан “Ударник” кинотеатрының алдында орын алған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Тәртіпбұзушының темір тұлпары айып тұрағында қойылды. Ендігі кезекте, сот жеңіл көлік иелеріне келтірілген шығын көлемін анықтайтын болады.

Сән Жұмағазина – СҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің бас маманы:

– Осы факті бойынша әкімшілік материал жинақталды. Әкімшілік Құқықбұзу Кодексінің 610-611 бабына сәйкес 60 және 100 айылық есептік көрсеткіші көлемінде айыппұл салынады немесе әкімшілік қамаққа алынады.

 

 

Молдир Макишева