Қоғам

Өңірімізде облысымыздың киелі жерлеріне арналған бейнероликтер байқауы жарияланады

Бастысы байқауға қатысушылар тақырыпты ерекше формада жеткізіп, толығымен аша білуі тиіс. Шығармашылық сайыс “Рухани жаңғыру” ұлттық бағдарламасының аясында ұйымдастырылуда. Мәдениет, архив және құжаттама басқармасы барша теріскейліктерді байқауға қатысуға шақырады. Бас жүлде – 50 мың тенге. Ал, екінші және үшінші орынға тиісінше 40 және 30 мың тенге беріледі.

Рақат Мамбеталинов, СҚО мәдениет, архив және құжаттама басқармасының бөлім басшысы:

– Байқау 2 жас ерекшелігі бойынша өтеді. 17-ге жасқа дейінгі қатысушылар және одан жоғары. Бейнероликтер 2 минут көлемінде болуы тиіс. Өтініштер ақпанның 1-і мен 20-сы аралығында қабылданады. 4 күн ішінде қорытындысы шығарылады. Жүлделі орынға ие болған материалдар әлеуметтік желілер мен телеарналарда жарық көреді.

Эльмира Садвокасова