МТРА жаңалықтары

Өңірде “Автобус” жедел алдын алу акциясы жалғасуда

Андрей Новицкий – СҚО ІІД ЖПҚ жол-патрульдік полиция батальонының аға инспекторы:

– Жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде одан алкогольдің иісі шығып тұрды. Сол себепті, біз оны медициналық бақылаудан өткізу үшін аудандық орталық ауруханаға жібердік. Ол жерде оған “орта дәрежелі мас күйінде” деген анықтама берілді.

Ережені ескермеген 44 жастағы Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Ресейдің Түмен қаласынан үйіне қайтып бара жатыпты. Тергеу жұмыстары кезінде азаматтың бұдан бірнеше жыл бұрын осындай дөрекі тәртіп бұзғаны үшін жүргізуші куәлігінен айрылғандығы анықталды.

– что там показало?

– да пьяный я…замерзли же на дороге.

Аталған факті бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Енді, тәртіп бұзған азамат жүргізуші куәлігінен 3 жылға айырылмақ. Жалпы, өңірде өтіп жатқан республикалық “Автобус” жедел алдын алу шарасының 8 күні ішінде қоғамдық көлік жүргізушілерімен жасалған 200-ден астам құқықбұзушылық анықталыпты. Көбіне темір тұлпарды тізгіндеген жандар көлікті жүргізіп бара жатып ұялы телефонмен сөйлескен, жылдамдықты асырған және машинаны рұқсат құжаттарынсыз басқарыпты

Култанов Байболат