МТРА жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы нұротандықтардың бақылауында

Құралай Жарова – облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы:

– Былтыр “Бизнестің жол картасы” бағдарламасын жүзеге асыруға өңірімізге 2 млрд 441 млн. теңге бөлінді. Қыруар қаражаттың тең жартысы кәсіпкерлер алған несиенің сыйақы ставкасын субсидиялау және қарызды кепілдендіруге бағытталды. Субсидия ауыл, орман және балық шаруашылықтарына көбірек бөлінді. Сондай-ақ, білім, туризм, өнер салаларына қаржылай қолдау көрсетілді. Одан өзге барлығы 58 несие мемлекет тарапынан кепілдендірілді.

Мемлекет қолдауын сезінген кәсіпкерлердің ісі өркендеп, табыстары ұлғаюда. Өткен жылы “Бизнестің жол картасы” бағдарламасына қатысушылар ел қазынасына 1,6 млрд теңге салық төлеген. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 12 пайызға жоғары.

Құралай Жарова – облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы:

– Өткен жылы ауыл тұрғындарының белсенділігі жоғары болды. Бағдарлама аясында қолдау алған 119 жобаның 60 пайызы ауылдарда жүзеге асырылған. Тайынша, Ғ.Мүсірепов, Тимирязев аудандарынан түскен жобалар көп болды. Керісінше, Ақжар, Уәлиханов аудандары бағдарламаға қатысу жөнінен көш соңында келеді.

Сондай-ақ, “Бизнестің жол картасы” бағдарламасының арқасында өндіріс ошақтарына ішкі және сыртқы инженерлік құрылымдар салынып, су, темір жол желілері тартылыпты.

Берік Қасен