МТРА жаңалықтары

Болашақта ІТ мамандары жоғары сұраныста болады

Осы орайда, биылдан бастап ЖОО-да және колледжерде ІТ саласы бағытындағы мамандықтар ашылмақшы. Педагогтар өскелең ұрпаққа сапалы білім беруден бөлек, үйренгенін күнделікті тұрмыста қолдана білуге дағдыландыру керек деп есептейді. Жолдаудағы басым бағыттар жастарға ұғынықты тілде түсіндірілді. Әлемнің бір орнында тұрмайтынын жастар да жақсы түсінеді.

Абылайхан Қайролла – «Жас Отан» ЖҚ СҚФ төрағасы:

– Болашақ қазақстандықтар өзінің тілі, ділін, тарихын жақсы біліп қана қоймай, сонымен қатар жаһандық көзқарастарға да тез бейімделе алу тиіс. Елбасының осы сөздері маған ұнады.

Білімнің қайнар көзі – кітапта. Осы орайда кітапханашылар да жастарды кітап оқуға баулуда. Олар соңғы кезде оқушылардың ұлттық тарихқа деген қызығушылығы артып келе жатқаны қуантады дейді.

Дамира Серікбаева – С.Мұқанов атындағы ОӘҒК қазақ тіліндегі әдебиет бөлімінің кітапханашысы:

– Әр отандастарымыз еліміздің тарихын білуі қажет. Осы бағытта кітапханашылар жұмыстар атқарып жатыр. Өскелең ұрпақтың тарихи кітаптарға қызығушылығын арттыру үшін түрлі формадағы шараларды өткізудеміз. Жергілікті тұрғындардың көбі шежірені алып, оқып жүр.

Сондай-ақ, дөңгелек үстел барысында өзге салаларда орын алып жатқан оң өзгерістер сөз болды.

Берік Қасен