МТРА жаңалықтары

6637 әскери бөлімінің сарбаздары ант қабылдады

Әр өңірден азаматтық борышымызды абыроймен атқарамыз деген құлшыныспен келген сарбаздар үшін бүгін жауапты сәт туды. Өзге үзеңгілестері сияқты елордалық Дидар Рыспеков те Отанға, қызметіне адал болуға серт етті.

Осылайша, жас жігіттер 6637 әскери бөлімінің қатарын толықтырды. 23 жастағы Дидар Рысбеков ЖОО-нын заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған. Енді 12 ай борышын өтеп болғасын алдағы өмірін әскери саламен байланыстырығысы келеді.

Дидар Рысбеков, ҚР ҰҰ 6637 әскери бөлімінің сарбазы:

– Бұл әр ер жігіттің өмірінде бір рет қана болатын салтанатты шара. Мен бір жылдық әскери өмірге дайынмын. Әскерлен кейін әрі қарай Отан қорғаны болып, Отбасын асырап, нағыз ҚР азаматы болу.

Жалпы Петропавл қаласындағы 6637 әскери бөлімінің міндетіне жазасын өтеушілерді оқшаулау мекемелерін күзету, облыс орталығының тыныштығы мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті қадағалау жатады.

Архат Тәттімбетов, ҚҰ ҰҰ 6637 әскери бөлімі командирінің орынбасары:

– Астана қаласы, Алматы, ОҚО, Атырау облыстарынан шақырылған. Әскери ант қабылдағаннан кейін арнайы бөлісітерге бөлініп, әрі қарай жауынгерлік қызметтерді, жауынгерлік тапсырмаларды атқаруға жұмылдырылады.

Бүгінгі тамаша сәттің куәгері болып, ұлдарының амандығын білуге алыстан ата-аналары да келген. Олар Отан алдында қапысыз қызмет етіп жатқан балаларының орталарына аман оралуын тілеп жатты.

Айнұр Машкенова, ата-ана:

– Үлкен баламыз бүгін ант қабылдап жатыр. Кішкене толқу бар. Осы жердегі балалардың барлығы борышын аман-есен атқаруларына тілектеспіз. Елдің тыныштығын сақтайтын осы балалар ғой.

Құрлғанына жарты ғасырдан асқан 6637 әскери бөлмінде жылына 500-ге жуық сарбаз әскери борышын өтейді.

 

Акбопе Танирберген