Әр түрлі

Облыстық кітапхана жаңа туындылармен толықты

Ардақ Қажымұратов – оқырман:

– Мұқабалары жақсы, тартымды. Бәрін оқуға уақыт келе бермейді. Бүгін Жұмат Шанинның “Арқалық батыр” туындысына көзім түсті.

Ал Виктория Соловьеваны шетелдік туындылар қызықтырады екен. Әсіресе, нәзік жанды Рэй Брэдбери, Эрих Мария Ремарк, Оскар Уайльдтың шығармашылығын сүйіп оқимын дейді.

Виктория Соловьева – оқырман:

– Бүгінгі көрмеде қызықты кітаптар жайғасқан. Әсіресе, Сисилия Ахерннің шығармашылығы ұнайды. Бұл туындыны барлық әйел қауымына оқуға кеңес беремін.

Мына жерде роман, эпопея, жыр, эссе, поэзия, жанрындағы түрлі кітаптар топтастырылған. Соның ішінде “Рухани жаңғыру” сериясымен шыққан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың “Көші-қон және қазақ әлемі” атты туындысына да орын берілген.

Дамира Серікбаева- С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының қазақ тіліндегі әдебиет бөлімінің кітапханашысы:

– Бұл кітап дүниежүзілік қазақ 5-ші құрылтайына орай жарық көрген. Осы кітапта Елбасымыздың тәуелсіздік жылдарындағы көші-қөн саясатына қазақ мәдениеті мен тарихына арнап сөйлеген сөздері жасаған баяндамалары мен мақалалалары топтастырылған.

Ал мына жинаққа Елбасымыздың туған жері, “Үшқоңыр” елді-мекені жайлы естеліктері топтастырылған. Жалпы көрмеде үш тілді туындылар жайғасқан.

Дамира Серікбаева – С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми- әмбебап кітапхана қазақ тіліндегі әдебиет бөлімінің кітапханашысы:

– Бұл көрмеге барлығы 200-ден астам аталымдар қойылған. Мемлекеттік бағдарлама бойынша және авторлық оқудан сыйға алынған кітаптар да қойылған.

Жалпы кітапханада 600 мыңнан астам кітап бар. Кітапхана қоры жыл сайын 8-10 мың туындымен толығып отырады.

 

Молдир Макишева