Қоғам

Бұрыңғы полковник 5 жылға бас бостандығынан айрылды

Жалпы, құқық бұзушы 1 млн 850 мың теңге көлеміндегі заңсыз ақшаны қалтасына баспақ болыпты. Бұл қаржыны шенді жапа шегуші Жасұлан Мұраттан алдау арқылы талап еткен. Ол өзінің қолынан келмесе де жеке тұлғаның ағасы Антаевтің қылмыстық ісін қайтадан квалификациялап, оны процессуалдық келісім негізінде жүргіземін деп сендірген. Алайда, 47 жастағы азаматтың арам ойы жүзеге аспады. Оны қылмыс үстінде облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының мамандары ұстады. Содан 9 ай көлемінде тергеу амалдары жүргізілді. Бүгін сот бұрынғы полковникке үкім шығарды.

Алмас Жұмағазин – Петропавл қалалық сотының судьясы:

– Мартынюк Петр Владимирович – ҚР ҚК 190 бабы, 3-ші бөлімі, 1-ші және 2-ші пункті бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айрылсын. Оның қылмыстық жолмен келген барлық дүние-мүлкі тәркіленеді. Бұдан былай өмірі бойы мемлекеттік қызметке орналасу құқығы мен полиция полковнигі шенінен айрылсын. Айыпталушы жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Сонымен қатар, Жасұлан Мұратқа келтірген моралдық шығыны үшін 350 мың теңге өтеуі тиіс.

Култанов Байболат