Білім

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ Аль-Фуджейра қаласының университеттерімен меморандумға отырды

Ербол Исақаев – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ академиялық мәселелері жөніндегі проректордың міндеті атқарушы:

– Менеджмент, биотехнологиялар, су ресурстары сияқты жаңа мамандықтар ашуды жоспарлап отырмыз. Бұдан бөлек, медициналық мамандықтар кафедрасын ашу да көзделіп отыр.

Сонымен қатар, Елбасы Жолдауында сандық білім беру ресурстарын дамыту жайлы да айтылған. Бүгінгі таңда білім ордасының ұжымы осы бағытқа да басымдық беріп отыр.

Айдос Мұқатаев – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ стратегия және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры:

– Елбасымыздың жолдауында көрсетілген сандық форматқа көшудің алғышарты ретінде оқу бағдарламасын сандық бағытқа көшіру мақсатында біріккен ғылыми жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, өткен жұмада М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-і мен Біріккен Араб Әмірлігінің Аль-Фуджейро қаласында орналасқан жоғары оқу орындары арасында өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды. Екі жақ бірлесіп бес бағыт бойынша жұмыс істемек. Яғни, ақпараттық жүйе бойынша бағдарламалар жасау, ағылшын, араб тілдерін үйрету, бірнеше бағытта өзара тәжірибе алмасу және IT технологияларды жетілдіру жоспарланып отыр.

Айдос Мұқатаев – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ стратегия және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры:

– Біздің студенттер дүниежүзілік деңгейде білім алу үшін тәжірибе қажет. Сондықтан осындай алдыңғы қатарлы оқу орнымен байланыс жасау біз үшін өте маңызды.

Сөйтіп, алдағы уақытта екі елдің 80-ге жуық студенттері мен оқытушылары өзара тәжірибе алмаспақ.
Жалпы осыған дейін теріскейлік университет 113 елдің жоғары оқу орындарымен келісім шартқа отырған. Сондай-ақ, жыл сайын 80-нен астам жергілікті студент академиялық мобильдік бағдарламасы аясында шетелге тәжірибе алмасуға жіберіліп тұрады.

 

Молдир Макишева