Спорт

«Құлагер» ХК қонақта «Алматы» құрамасына есе жіберді

Алғашқы периодта теріскейлік құрама шабуылшылары Станислав Логинов пен Ильнар Мисбахов ерекшеленіп, 2:0 есебімен құлагерліктерді алға шығарды. Дегенмен, екінші кезеңнің алғашқы 5 минутында алматылықтар есепті теңестірді. Ал перидтың соңғы 10 минутында есеп 3:3 жетті. Шешуші кезеңнің аяғына 1,5 минут қалғанда петропавлдық құрама қақпашысы Алексей Трифоновтың қорғанысы сыр берді. Қорытынды есеп 4:3, осылайша Алматыдағы алғашқы ойында алаң иелері құлагерлік жігіттерден жеңісті суырып алды. Екі құрама арасындағы қарымта кездесу бүгін өтеді.

 

Саят Ермек