Аптадағы маңызды жаңалықтар

Елімізде электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу жеңілдей түсті

Николай Борзилов – Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті СҚО бойынша аумақтық департаментінің бөлім жетекшісі:

– 2017 жылдың 16-шы желтоқсанынан бастап электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу үрдісі 7-ден 5-уге қысқарды. Енді, азамат жарық таратушы компанияға білдірген өтініші бір жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Тағы, энергетикалық сараптама қорытындысы алынып тасталды. Бұған қоса, есептеуіш қондырғы мен электрмен жабдықтау қорытындысы 1 үрдіс арқылы жүргізілетін болды.

Осылайша электр жүйесіне қосылу мерзімі 66 күнге дейін қысқарды. Бұл тұрғындардың уақытын әрі қаржысын үнемдейді. Оған қоса бірқатар қағазбастылық жұмыстарынан арылтпақ. Айта кетейік, теріскейліктерге электр қуатын жеткізумен Солтүстік Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы айналысады. Айта кету керек, былтыр аталған кәсіпорынның жұмысында бірқатар жаңашылдықтар орын алған.

Анатолий Казановский – «Солтүстік Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ бас директоры:

– Бұрындары 10 Квт-қа дейінгі электр энергиясы ауыл-аймақ тұрғындарына облыс орталығынан берілетін. Қазір мұндай қуаттағы жарық көзі қазіргі және бұрынғы аудан орталықтарынан таратылады. Алдағы уақытта жұмысты жетілдіреміз. Болашақта 10 Квт-тық электр энергиясын ірі елді мекендерден де тарататын боламыз.

Бұған қоса, Солтүстік Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы АҚ өткен жылы қала тұрғындарына арнап жаңа сайттарын іске қосыпты. Онда шаһардың кез келген ауданына берілетін электр қуатының мөлшері көрсетілген. Сәуір айында бұл порталға өңірдегі елді мекендер де енгізілмек.

 

Култанов Байболат