Құқық қорғау органдары

ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өткен жылы 100-ден астам құқық бұзу фактісін анықтаған

Оның ішінде полицейлер 2 заңсыз көшіқон және тағы сонша қарақшылық шабуыл фактілерін әшкерелеп, 11 келіден астам түрлі есірткі заттарын тәркілеген. Соңғы операциялардың бірінде 29 жастағы қала тұрғыны ұсталды. “Алтын Арман” базары маңында ұсталған нәзікжандыдан 3 грамм героин табылыпты.

Талғат Смағұлов – СҚО ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі:

– Қазір осы іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296 бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде. Егер ауыпталушының кінәсі дәлелденсе, ол 3 жылдан – 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Молдир Макишева