Спорт

“Қызыл-Жар СҚ” ФК Түркияда оқу-жаттығу жиындарын өткізуде

Алдымен, аяқ допшыларымыз өзбекстандық “Насаф” құрамасымен сынға түсіп, қарсыластарын 2-де 1 есебімен жеңді. Матчта теріскейліктер сапынан Фредди Коронель мен Виктор Гунченко көзге түскен. Ал, екінші ойында біздің жігіттер ресейлік “ЦСКА-2” командасын ойсырата ұтты. Кездесуде қызылжарлықтар қарсыластар қақпасына жауапсыз 4 гол соққан. Енді, жерлестеріміздің келесі кездесуі қаңтардың 29-ы күні Косовоның “Трепча” және болгарияның “Царское село” клубтарына қарсы өтеді.

 

Култанов Байболат