Денсаулық сақтау

eGov.kz порталының көмегімен азаматтарға 400-ге жуық электрондық қызмет түрі қолжетімді

Бүгін Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары қалалық бірінші емхананың қызметкерлеріне электрондық үкімет порталын қалай қолдану керектігін көрсетті. Жалпы, түрлі мемлекеттік қызметтер мен анықтамаларды онлайн форматында алғысы келген азаматтар үкімет сайтына тіркелуі керек екен. Ол үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны немесе ұялы телефон нөміріне жолданған бір реттік парольді қолданған жөн. Қазіргі уақытта eGov.kz порталының арқасында қазақстандықтарға 400-ге жуық электрондық қызмет, түрлі сервистер мен төлемдер жасау қолжетімді.

Болат Еңсегенов – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттігі СҚО бойынша департаменті басқармасының басшысы:

– Осы жиыннан кейін медицина саласының қызметкерлері науқастарға түрлі қызметтерді қалай пайдалануға болатынының түсіндіреді деп ойлаймын.

 

Тогжан Акмагамбетова