ТЖ

22 қаңтар күні облыс орталығында 12 оқыс оқиға, оның ішінде 7 өрт орын алған

Апаттың салдарынан шина жинақтау орнын жалға алған 28 жасар қала тұрғыны көз жұмды. Тағы Жұмысшы кентінде орналасқан екі қабатты тұрғын үй де отқа ораныпты. Абырой болғанда, мұнда жапа шеккендер жоқ. Қызыл жалынның шығу себебі мен келтірілген материалдық шығыны әлі анықталуда. Айта кеткен жөн, бұл жыл басынан тіркелген 57-ші өрт оқиғасы. Осы уақытқа дейін қызыл жалын 7 ересек адамның және 1 бүлдіршіннің өмірін жалмады.

Олжас Жүніс – СҚО ТЖД Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының уақытша міндетін атқарушы:

– Төтенше жағдайлар департаментіне түңгі 11 жарымда Михеев көшесі, 33-ші үйде өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Өртті сөндіруге 6 бірлік техника мен 20-дан астам өрт сөндіруші жұмылдырылды. Қызыл жалын аумағы 80 шаршы метрді құрады. Үйдің бірінші қабаты – кірпіштен, екіншісі ағаштан жасалған.

 

Эльмира Садвокасова