МТРА жаңалықтары

СҚО делегациясы БАƏ-ның Фуджейра əмірлігіне барды

Олар Фуджейраның экономикалық аймағындағы бірқатар өндіріс ошақтарын аралап, бизнес форумға қатысты. Жиында сөз алған аймақ жетекшісі бұл келіссөздер екі елдің жаңадан басталған әріптестігін нығайтуға септесетіндігін алға тартты. Жалпы теріскей басшылығы әмірліктермен өндіріс, астықты экспорттау мен тасымалдау, туризм, мал шаруашылығы салаларында әріптестік орнатудан дәмелі.

Тағы ортақ көліктік-логистикалық жүйе құру жайы айтылды. Жұмыс сапары барысында өңір басшысы Фуджейраның билеушісі шейх Хамад бен Мұхаммед Əл Шаркимен кездесті. Жиында ынтымақтастық жөніндегі бірнеше меморандумға қол қойылды. Әмірліктердегі әріптестерімен байланысы беки түскендердің қатарында, облыстық кәсіпкерлер палатасы, “Солтүстік” әлеуметтік кәсіпкерлік-корпорациясы мен М.Қозыбаев атындағы СҚМУ бар.

 

Магжан Ахмадина