МТРА жаңалықтары

Қаңтардың 17-і өңірде кезекті браконьерлік факт тіркелді

Қар үстінде қалған іздердің көмегімен инспекторлар Казанка ауылы тұрғының үстінен шығады. Браконьерлік жолмен ауланған жануардың еті күдіктінің үйінен табылды. Енді заңсыз түрде саятшылық құрған азаматқа 370 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеу қажет. Бұл шамамен 890 мың теңгені құрайды. Атап өту қажет, желтоқсанның 31 мен ақпанның 9-ы аралығында тұяқты жануарларды аулауға тыйым салынған. Алайда, бұл жыл басынан тіркелген екінші браконьерлік фактісі. Алғашқысы Есіл ауданында орын алған болатын.

Олег Беспалов – СҚО орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының бөлiм басшысы:

– Өткен жылы облысымызда заңсыз аңшылықтың 10 фактісі тіркелді. Салдарынан жануарлар әлеміне 5 млн теңгеден астам шығын келтірілді. Бүгінде оның тек 3 млн теңгесі өндірілді.

Эльмира Садвокасова