Спорт

Киокушинкай каратеден жасөспірімдер турнирі өтті

“Жаңа ұрпақ” турнирі дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Турнирге 4 пен 18 жас аралығындағы каратешілер қатысуда.

Евгений Дулов- турнирдің бас төрешісі:

– Екі күндік жарыс бірнеше топқа бөлінген. 1-ші топта 4 пен 6 жас аралығындағылар бақтарын сынаса, 2-шісінде 8 жастан асқан картешілер қатысады. Бүгінгі жарысқа 322 қатысушы тіркелді. Олар – қаламыздың барлық оқу ордалары мен Жамбыл, Қызылжар, және Айыртау ауданынының оқушылары.

Алдымен боз кілемге тәжірибелі каратэшілер емес, жас та болса, өжет балғындар шықты. Қызыл кілемге табжылмай шыққан 20 кг салмақтағы Алдиар Исләмбектің бүгінгі қарсыласы – Егор Науман. Екі спортшының да бұл сынға мықтап дайындалғаны көрініп тұр. Алайда шапшандығы мен ептілігінің арқасында Алдиар қарсыласын бірден щабуылдың астына алды. Осылайша қарсыласынан басым түскен қазақ мектеп-гимназиясының оқушысы жеңіске жетті.

Алдиар Исләмбек- жарысқа қатысушы, Петропавл қаласы:

– Маған карате ұнайды. Мен 6 жасымнан бастап айналысамын. Бүгінігі жарысқа мені әкем алып келді. 

Жарысқа жасы 6 жасар Роман Салахеев те қатысуда. Оны карате үйірмесіне әкесі жетектеп апараған көрінеді. Ұлының бойына қайсарлықпен, өжеттікті тәрбиелегісі келген әкесі, бүгінгі жарыста баласының батырлығына көз жеткіп, жеңіске жеткенінің куәсі болды.

Роман Салахеев -жарсықа қатысушы, Петропавл қаласы:

– Мен каратемен 2-і жұмадай айналысамын. Каратеге мені әкем алып келді. Маған карате ұнайды. Бүгін жеңіске жеттім. Алайда мұнымен тоқатағым келмейді. Алдағы турнирлерде тағы да жүлдегерлер қатырынан көрінемін деген ойдамын.

Жеңіске жеткен өрендер наурыздың 25-26-сы күндері қаламызда өтетін картеден Қазақстан чемпионатына жолдама алады.