Мәдениет

Облыс орталығында Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығына арналған телекөпір өтті

Телекөпір кезінде Н.Погодин атындағы орыс драма театрының режиссері өзі қойған «Мағжанның соты» спектаклі туралы да сөз етті. Көршілес ел тұрғындары Мағжанның шығармашылығымен жақсы таныс болғандықтан, қойылымды көруге ынтық. Шараға кезінде М.Жұмабаев мұғалім болып жұмыс істеген гуманитарлық колледжінің студенті де қатысуда. Ақынның барлық өлеңдерін сүйіп оқитын Қанат Өтемұратов бірнеше рет Мағжан оқуларына да қатысқан екен. Бүгінде 20-ға жуық туындысын жатқа біледі. Болашақта дара тұлғаның ізін қуып, ұстаз болсам ба дейді.

Қанат Өтемұратов – М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледж студенті:

– Маған Мағжан Жұмабаевтың “Сүйемін”, “Мен жастарға сенемін” өлеңдері ұнады. Осы туындылары арқылы өзіме ой түйемін.

Атап өту қажет, телекөпірге Ресейдің Қорған және Салехард қалалары қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

Эльмира Садвокасова