Қоғам

Жұма күні дүниежүзіндегі православтық христиандар Епифанды қарсы алады

Осы орайда қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін, облыс орталығында автобустардың бағыты өзгертіледі. Қаңтардың 19-ы таңғы сағат 08:00-ден кешкі 22:00-ге дейін қалалық жағажайға 2, 6, 21 бағыттардағы автобустар жүрсе, ал Есіл өзені портына 24-ші және 25 м бағытындағы автобустар қатынайды. Қала тұрғындарын тасымалдайтын автобустың жүру интервалы 10-15 минутты құрамақ.

Галина Семёнова – “СҚО жолаушылар тасымалы” қауымдастығының төрайымы:

– Крещение мерекесіне орай автобустардың бағыты өзгереді. Қалалық жағажайға таңнан кешкі уақытқа дейін “2”, “6”, “21” бағытындағы 35 автобус қатынамақ. Ал өзен портына “24”, “25” м бағыттарына 20-25 қоғамдық көлік шығады. Бұл автобустар Жамбыл көшесі бойымен тура жүріп, Есіл өзені портына қарай бұрылатын болады.

 

Молдир Макишева