Қоғам

Туризмді дамыту керек

Осы орайда мемлекет басшысы Үкіметке виза алу үрдісін жеңілдетуді, инфрақұрылымды дамытуды және еліміздегі осы саланың дамуын тежеп тұрған кедергілерді алып тастауды тапсырды. Ал аталған саланың теріскейдегі даму қарқыны қандай? Қазір Солтүстік Қазақстанда 36 туристік база, 47 қонақ үй жұмыс жасайды. Ал 2017 жылдың тоғыз айында теріскей өңіріне 92 мыңнан аса турист келген. Олардың 85 мыңы қазақстандықтар, қалғандары шет ел азаматтары. Жергілікті туристік агенттіктердің берген ақпаратына сүйенсек Солтүстік Қазақстаннның елді мекендері мен шұрайлы табиғатын аралау үшін көбіне көршілес Ресейдің Түмен, Челябі, Омбы және Қорған облыстарының азаматтары келеді екен.

Наталья Зварич – “Прогресс” туристік агенттігінің директоры:

 

– Биыл сыртқы туризмді дамытуға ден қойып отырмыз, себебі жазда Қазақстан мен Ресей басшыларының қатысуымен форум өтеді. Сондай-ақ елбасының “Рухани Жаңғыру” бағдарламасының аясында өңірдің киелі жерлерінің картасын жасап, екі туристік маршрут құрастырдық. Келушілер аудандардағы кесенелерді, тарихи орындарды аралайтын болады. Сонымен қатар Мағжан Жұмабаевқа арналған арнайы туристік бағдарлама да бар.

Саят Ермек