Қызметтерінің алғашқы күнінде курсанттарға арнайы тәлімгерлер бекітілді. Олар жастарға СҚО ІІД-де экскурсия ұйымдастырды. Жастар білікті полицейлердің жұмысымен танысты. Ведомствоның музейі мен құқық қорғаушыларға арналған жатақхананы көрді. Мұнымен қоса, болашақ офицерлер кинологиялық қызмет орталығы мен «Динамо» стадионында да болды. Бұл курсанттар 3 айдан соң қолдарына дипломдарын алмақ. Кейін, түлектер біздің өлкеде еңбек ететін болады.
Мәди Тұманшы – ҚР ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының 4 курс курстанты:
– Экскурсяиға шығып тұрмыз. Мұражай көрсетті. Соның тарихымен таныстырып көрсетті. Жақсы, бәрі ұнады. Тергеу мамандығына оқып жатырмын. 4 жыл тергеу мамандығын бітіреміз құдай қаласа көктемде.
Байболат Култанов