Бизнес және экономика

Қаржы секторын қайта жаңғырту керек

Мұнда банктік портфельдерді “нашар” несиеден артылтуға басымдылық берілген. Яғни, қаржы секторын алға жылжыту үшін банктер төленбеген несиелерден келтірілген шығындар үшін экономикалық жауапкершілікті өз мойындарына алуы тиіс. Маңызды құжатта Президент Ұлттық банкке де біршама тапсырмалар жүктеді. Мәселен, валюталық ипотекалық қарыздар саласында туған проблемаларды толығымен шешу үрдісін тездету керек. Сонымен қатар, девальвация салдарынан қарызын өтеуде қиыншылық туған жеке тұлғалардың мүдделерін қорғауға да ерекше көңіл бөлген жөн. Жалпы, Ұлттық банктің облыстық филиалы 2017 жылды жақсы көрсеткіштермен аяқтап отыр. Берілген несиенің көлемі 107 млрд теңгеге жеткен, ал депозиттер портфелі 140 млрд теңгені құрапты. Жолдаумен жіті танысқан банк өкілдері осы бағыттағы жұмыстарды жалғастырып қана қоймай, жаңа деңгейге көтермекші.

Мираш Жұмашев – “ҚР Ұлттық Банкі” РММ СҚФ директоры:


– Президент ипотекалық несиелерді доллармен беруді доғару керек деді. Тек теңгемен беру керек. Ұлттық банктің облыстық филиалы қазірдің өзінде бұл тапсырманы орындауда. Былтырғы жылы несиелердің тек 4 пайызын басқа, ал қалғанын ұлттық валютада бердік.

 

Саят Ермек